• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлеріне қысқы денсаулық фестивалін өткізді

Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлеріне қысқы денсаулық фестивалін өткізді

 

 

Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері қыстың соңғы күндерін көңілді өткізуде. Мұнда балаларды көптеген қызық күтті. Мәселен, аниматорлар кішкентайларға мерекелік көңіл күйін сыйлады. Денсаулық фестиваліне қатысушылардың барлығы сақадай сай дайындықпен, шаңғы, конькилерімен келген. Сырғанау үшін арнайы орындар жабдықталды. Дәстүрлі шарада кәсіпорын директоры Мұсабек Макашев сөз сөйледі.

 

- Бейресми шараға жиналып отырмыз. Балаларымыз да осы жерде. Бірге көңіл көтеріп, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізейік. Барлықтарыңызға жақсы нәтиже тілеймін,-деді "Қазхром"ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры, Мұсабек Мақашев.

 

Ақсу ферроқорытпа зауытында үздік өндірістік нәтижелерден бөлек, спорттық жетістіктерге де назар аударады. Жиналғандар мұндай шаралардың ұжымда жұмыс істеудің қолайлы жағдайын туғызатынына сенімді. Сондықтан кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің денсаулықтарына пайдалы шараларды жиі ұйымдастырады. Римма Азберген үшін бұл Ақсудағы алғашқы фестиваль. Ол ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өтті.

 

- Мен Ақтөбеден Ақсу қаласына жақында көшіп келдім. Өте көңілді, керемет демалыс, ата-аналар мен балалар үшін бәрі қызық. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған,-деді "Қазхром" ТҰК " АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының шарттарды сүйемелдеу жөніндегі маман, Римма Азберген.

 

Арқан тарту, шанамен сырғанау, зауыт қызметкерлері уақытты құр өткізбеді, шыңғы, шана теуіп, арқан тартыс жарысына қатысты. Сонымен қатар, ыстық шай мен тәттілерден барлығы дәм татты.

 

- Бұл ұжымдардың бірігуі, топтық жұмыс, онда адамдар жұмыстан тыс қарым-қатынас жасап, сөйлесе алады, жарыстарға қатыса алмайтын, тек демалуға, табиғатта, ашық ауада серуендеуге келгендер де бар. Кәсіпорында жылдар бойы жұмыс істеп, отбасыларымен де дос болып кеткен,-деді "Қазхром"ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының Біріккен кәсіподағының төрағасы, Айып Абраев.

 

Қысқы фестивальдің ең белсенді қатысушыларына мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарын берді. Ақсу ферроқорытпа зауытындағы игі шара алдағы уақытта да жалғасады.