Ақсу қаласындағы мектепте жаңа спорттық алаң іске қосылды
ERG компаниясы және Павлодар облысының әкімдігі меморандумы аясында спорттық нысан салынды дейді irbistv.kz тілшісі.
Моноқаланың Абай атындағы білім ордасында бұған дейін спорттық алаң болмаған. Жылдар бойы мектеп оқушылары тек спорт залында шыныққан. Шілде айында мұнда күрделі жөндеу басталып, жаңа оқу жылында спорттық нысан пайдалануға берілді. ERG компаниясы әлеуметтік жобаға 124 миллион теңге қаражат бөлген.
- ERGкомпаниясының тобы әлеуметтік маңызды жобаларға белсенді қатысады. + Бұл мектепте 14 жылдан бері спорттық алаң бомлады. Стадион дәл осы мектепке лайық, өйткені, мұнда спортпен шұғылданатын оқушылардың саны көп. Ал мектеп ішіндегі спортзалы оларға жеткіліксіз болды. Енді балалар футбол, волейбол, баскетболды емін еркін ойнайтын болады. Сонымен қатар, мұнда воркауд алаңы да бар,- деді «ЕЭК» АҚ қаржы директоры Данияр Әбдіқадыр.
Айту керек, Абай атындағы білім ордасында 2 мыңға жуық бала білім алуда. Ал әлеуметтік маңызы бар оқиғалардан «Қазхром» Транс Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамы, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы да тыс қалмайды.
-ERG компаниясының меморандумымен келісе отырып, Ертіс Көмек спонсорлық осындай міне үлкен сый сияпат беріп отыр балаларымызға. Оларға оқуда озат, спортта үздік болуды тілеймін. Балалық шақтары бақытты болсын,-деді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Әйгерім Әбенова.
Мектептегі спорт алаңы ERG компаниясының қаржылай қолдауымен салынып, «Ертіс Көмек» қорының арқасында аймақ толығымен абаттандырылды. Білім ордасында спортық алаңның салтантты ашылуына орай баскетбол, волейбол, футбол спорт түрлерінен оқушылар арасында жолдастық кездесулер өтті.