• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсулық Нұрдәулет пен Нұртас Жүнісовтер гір спортынан Қазақстан кубогында топ жарды

Ақсулық Нұрдәулет пен Нұртас Жүнісовтер гір спортынан Қазақстан кубогында топ жарды

 

 

Щучинскіде гір спортынан Қазақстан Кубогы додасына Павлодар облысының 3 атлеті қатысты. Валерий Грачев доданы 4-ші орында тәмамдаса, әкесі мен баласы Жүнісов Нұрдәулет пен Нұртас күміс пен қола медальдерді місе тұтты. Бұл ретте, Нұрдәулет ағамыз, тұғырдың биігінен көріну үшін жас спортшылармен бәсекеге түсіп, өзінің мықтылығын дәлелдеуге тура келді.

 

-Дода біз үшін өте маңызды болды. Жылдағы соңғы жарыс. Нәтижелігімізді көрсеткіміз келді, халыққа көрсеттік. Өзіміз де, халық та көрді. Маған жастармен бәсекелесу қиын болды, соңғы минуттарда 3 -орынға ие болдым,-деп жеткізді Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Нұрдәулет Жүнісов.

 

Ал Нұртас Жүнісов үшін ағымдағы спорт маусымы жеңісті болды деп айтуға толық лайық. Ақсулық дарын Азия біріншілігінде 2 орын, Қазақстан чемпионатында қола алып, Грециядағы Еуропа чемпионатында алтын медаль иегері атанып, ел кубогы сайысында күміс медальді місе тұтты.

 

-Менің жоспарым әр жарыста 1-ші орынға ие болу. Бірақ осы жолы, өкінішке орай 2-ші орын алдым. Келе жылы бұйырса бірінші боламын. Менің ойымша, спорт маусымы сәтті өтті. Әр жарыста жүлдеге ілігіп, нәтижеге қол жеткіздім.

 

Нұрдәулет пен Нұртас Жүнісовтер Ақсу қаласының тұрғындары, негізінен өндіріс ошағында еңбектенеді. Бос уақытындағы ермектері, гір спорт арқасында, Қазақстан намысын жоғары деңгейде көтеріп келеді. Бір қызығы, топжарған жерлестерімізге жергілікті спорт шенеуніктерінен ешқандай қолдау көрсетілмейді. Щучинскідегі жарысқа да әкесі мен баласы жеке қаражаты есебінен барған. Қаржылай жағдайы жоқ, бірақ үлкен белестерді бағындыруға асық жігіттер Ақсуда әлі де жетерлік дейді.