• Басты бет
  • Спорт
  • Батутта және акробатикалық жолақта секіру спортының бапкерлері қатты алаңдаулы

Батутта және акробатикалық жолақта секіру спортының бапкерлері қатты алаңдаулы

Басты мәселелердің бірі - жеке залдың жоқтығы. Ерекше бұйрық күтіп отырған Спорт сарайы жабық. Сондықтан гимнастар мен акробаттар өз спортмектептеріндегі шағын мекенде жаттығады. Оның өзінде тек жасөспірімдер, жастар мен ұлттық құрама көшбасшылары ғана. Соған қарамастан бастапқы дайындық топқа жоспарлы қабылдау жүреді.

 

- Спорт мектептерінде барлық сағаттар минутына дейін есептелген. Одан бөлек санитарлық залалсыздандыру, тазалық күні секілді шаралар да қатаң кесте бойынша атқарылады. Сондықтан бөтен балаларды мектепке тіпті кіргізе алмаймыз. Биыл бізге шамамен 60 адам қабыладу керек, алайда қазір бұл тарапта бірқатар қиындықтар бар, - дейді Павлодар құрамасының бас жаттықтырушысы Олег Белюсенко.

 

Балаларды арнайы спортзалдарда байқайды. Нақты белгілі күндер мен сағаттарға жоспарлы жазба жасалатын. Одан бөлек бапкерлер жалпы білім беру мектептерін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін. Қазір ондай жағдай жоқ. Ал мерзім таяп қалды. Батуттық гимнастика бойынша жаттығатын бастауыш топ өкілдерін қазанның 1-не дейін жасақтап үлгеру керек.

 

- Мен облыс басшылығына балаларды қабылдау шараларын қаңтар айына дейін жасауға болатындай мүмкіндік берулерін сұраймын. Себебі қазір ол сағаттарды табельге немесе кестеге қоймаса, біздің жалақымыз қысқарады. Біз балаларды бәрібір қабылдаймыз. Тек мынандай келеңсіз жағдай туындауы мүмкін. Қабылдаған кішкентайларға арналған сағаттар төленбей қалады, - дейді Павлодар құрамасының бас жаттықтырушысы Олег Белюсенко.

 

Топтарға қабылдау шараларын бапкерлер ашығын айтқанда тексерусіз өткізуде. Акробатиканың олимпиадалық түріне балаларды жазу үшін бірінші спорт мектебінің оқу бөліміне келуге болады. Ең басты талаптардың бірі – денсаулығы бойынша анықтама.