Батутқа секіруші павлодарлықтар ел чемпиондары атанды

Арулар командасы - ортақ есептің жеңімпаздары. Жеке біріншілікте олардың еншісінде алтын медальдердің ең көп саны бар. Виктория Бутолинаға ешкім тең келмеді. Гимнаст қазір - ұлттық құраманың көшбасшысы. Жасөспірімдер жарысқа күрделі жағдайда дайындалған.

 

- Дайындыққа барлығынан кеш шықтық. Жаттығу процесін тек желтоқсан айынан бастадық. Қысқа уақытта спортшыларды дайындап, олар лайықты өнер көрсетті. 12 және одан кіші жастағыларды атап өткім келеді. Қыздар бірінші рет жарыстарға барып, медальдармен оралды, - деді Павлодар облысы құрамасының аға жаттықтырушысы Олег Белюсенко.

 

Үш жас тобы бойынша аруларымыз тұғыр биігінен түспеді. Жігіттер қыздардың нәтижесін қайталай алмады. Марат Ұрманов көпсайыста қоланы місе тұтса, Данил Парфеновпен бірге секіру түрлерінде чемпион атанды.

 

- Мәселе биіктікке байланысты. Марат меннен төмен секіреді. Сол себепті командалық түрде осындай жағдай орын алды. Биіктікте екі мәрте сальто орындау қиын, - деді ҚР чемпионы Даниил Парфенов.

 

- Әрине оларға қарсы секіре алмаймыз. Бойымыз, салмағымыз әртүрлі. Бұған қарамастан, жақсы өнер көрсеттік. Барлық жаттығуды бірдей орындауымыз қажет, - деді ҚР чемпионы Марат Ұрманов.

 

Алматы қаласындағы чемпионатта жаңа көшбасшылар пайда болды. Қазақстандық рейтингілік тізімде Александра Степановская, Ульяна Бутенко, Ақерке Мәулет, Милана Швец және Әдия Дәуірбаев бірінші орында келеді.