• Басты бет
  • Спорт
  • Батыр Құдайбердінов: «Ақсу» облыста бірінші команда болады деп ойлаймын»

Батыр Құдайбердінов: «Ақсу» облыста бірінші команда болады деп ойлаймын»

Эпиджағдай қиындықтарына қарамастан, мінез көрсете білген, жергілікті аяқдопшылардан құралған «Ақсудың» чемпиондық құрамы жыл соңында, көптен күткен марапаттау рәсімінде бас қосты. Бүгін Екінші Лига жеңімпаздарына медальдер табысталды. Бұндай жетістік көптеген жас футболшылар үшін есте қаларлық дүние.

 

- Үлкен тәжірибе болды, үлкендермен ойнағанымыз. Алдағы уақытта бірінші лигада ойнаймыз. Үлкен мақсаттар қоямыз, өкінішке орай «Ертіс» командамыз жабылғаннан кейін, «Ақсу» облыста бірінші команда болады деп ойлаймын. Жергілікті ойыншылар болғандықтан, Павлодардың футболын көтеру, басқа мақсатымыз жоқ, - деді «Ақсу» ФК шабуылшысы Батыр Құдайбердінов.

 

Өңіріміздің футбол болашағы бұлыңғыр бола бастаған кезеңде, жаттықтырушылар штабы тез арада бетбұрысты әрекет жасап, өз тәрбиеленушілерімізге сенім артты.

 

- Бізде егізді түрде селекция жұмыстарын жасайтын уақыт болмады, трансферлік кезең аяқталуына 8 күн қалғанда кірістік. Сол себепті жергілікті, тәжірибелі ойыншыларға сенім арттық. Олар физикалық тұрғыдан қажетті деңгейде емес еді. Уақыт тығыз болды, міндет жоғары. Тәуекелге бел буып, нәтижеге жетіп отырмыз, -деді «Ақсу» ФК спорт директоры Талғат Байсуфинов.  

 

Ал Қазақстан ұлттық құрама бас бапкері Талғат Байсуфинов «Ақсу» клубындағы қызметін жалғастыруы бойынша ашық сұрақ, жақын арада шешімін таппақ. Бұл туралы жаттықтырушының өзі мәлім етті. Команда жаңа жылдан кейін жаттығу жиындарына кіріспек.