• Басты бет
  • Спорт
  • Биатлоншылардың жабдықтарына қаражат қарастырылмаған: Облыстық спорт басқармасында даулы мәселеге пікір білдірді

Биатлоншылардың жабдықтарына қаражат қарастырылмаған: Облыстық спорт басқармасында даулы мәселеге пікір білдірді

Өткен аптада аталмыш проблема жайлы спортшылар «Ирбис» арнасы тілшілеріне айтып, шағымданған еді. Тығырыққа тірелген жерлестеріміз жарысқа қатысу үшін қарсыластардың құрал-жабдықтарын жалға алуға мәжбүр. Жаттығу залдары, болса дайындық базасынан гөрі, ауылдық қораға ұқсайды. Тіпті, дәретханалары да далада орналасқан көрінеді.

 Спорт басқармасы ақпараты бойынша биыл биатлонды дамытуға өңірімізде 35 миллион теңге бөлінген. Бірақ қаражаттың барлығы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі жарыстарға қарастырылған. Құрал-жабдықтарды жаңарту аталымы жоқ көрінеді. Сәйкесінше, спортшылар өткен ғасырдағы инвентарь көмегіне жүгінуде.

 -Жабдықтар жарамсыз. Өте ескі құралдар. Жыртылғанды жамап, жабыстырып, жетіспегенді ата-аналар сатып алуға мәжбүр. Мектептен еш көмек жоқ. Өткен жылы спорт басқармасы 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржыландыру болады деп уәде берген. Бір жыл өттІ ештеңе өзгерген жоқ,-дейді ата-аналар комитеті өкілі Александр Кондауров.

 Инвентарь алу өтініші келісімнен өтпейді дейді жауапты ведомство өкілдері. Спортшыларды шыдамдылық танытуға шақырады. Бірақ, қанша күту керектігін өздері де білмейді.

-Биатлоншылар жаттығатын №1 спорт мектебінде инвентарь жаңарту жөнінде өтініш жыл сайын бюджетті бекіту кезінде ұсынылады. Әзірге, нақтылық жоқ. Әрине, қолдау көрсеутге тырысамыз. Жүйелі түрде мәселені көтереміз, әзірге қаражат бөлінген жоқ,-деп мәлім етті Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Татьяна Олифирович

Сонымен қатар Зеленая Роща аумағындағы биатлоншылар мен шаңғышыларға арналған жаңа спорт кешені де сөз болды. Жоба құны 160 миллион теңге. Нысанды қолданысқа беру уақыты 2023 жыл екендігін мәлім етті.