Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Демалыс күндері бірінші лиганың матчтары басталады

Спорт

97
Екінші лига чемпиондары «Ақсу» осы жексенбі күні бір саты жоғары тұратын бірінші дивизиондағы жорығын бастайды.

Команда сақадай сай. Ұжым қатарына «Ертіс» ФК тәрбиеленушісі Григорий Сартаков, «Алтай» голкипері Алмас Сапарғалиев қосылды.

 

- Алғашқы чемпионат. Команда негізінен екінші лигада өнер көрсеткен еді. Сондықтан пандемияға байланысты көп отырып қалған жігіттер алаңға шығып, жаттығуларда дайындаған айла тәсілдерді жүзеге асырғысы келеді. Сондықтан баршаға ойынға келіңіздер дейміз, - «Ақсу» ФК бас бапкері Марат Еслямов.

 

Жексенбі күні металлургтер қаласының намысын қорғайтын ұжым бірінші лиганың өзге дебютанты «Тараз-Қаратау» командасымен кездеседі. Айту керек,  Павлодардағы «Орталық» стадионда өтетін матчқа кіру тегін. Бірақ орындар саны шектеулі.

 

- Орталық» стадионның Толстой көшесіндегі кассаларында таңғы 9-дан 12-де дейін тегін билеттер ұсынылады. Сағат 14:00 екі жақтағы есіктерден жанкүйерлерді кіргіземіз. Стюордтар нұсқаған орындарға өтуге болады. Міндетті түрде маскада болу керек, - деді Павлодар облысы спорт және туризмді дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Олег Кольев.

 

Матч сағат 15:00-ге жоспарланған. Ендеше Павлодар өңіріндегі Бірінші лига чемпионатының басталуын өткізіп алмаңыздар.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()