Демалыс күндері бірінші лиганың матчтары басталады
Команда сақадай сай. Ұжым қатарына «Ертіс» ФК тәрбиеленушісі Григорий Сартаков, «Алтай» голкипері Алмас Сапарғалиев қосылды.
- Алғашқы чемпионат. Команда негізінен екінші лигада өнер көрсеткен еді. Сондықтан пандемияға байланысты көп отырып қалған жігіттер алаңға шығып, жаттығуларда дайындаған айла тәсілдерді жүзеге асырғысы келеді. Сондықтан баршаға ойынға келіңіздер дейміз, - «Ақсу» ФК бас бапкері Марат Еслямов.
Жексенбі күні металлургтер қаласының намысын қорғайтын ұжым бірінші лиганың өзге дебютанты «Тараз-Қаратау» командасымен кездеседі. Айту керек, Павлодардағы «Орталық» стадионда өтетін матчқа кіру тегін. Бірақ орындар саны шектеулі.
- Орталық» стадионның Толстой көшесіндегі кассаларында таңғы 9-дан 12-де дейін тегін билеттер ұсынылады. Сағат 14:00 екі жақтағы есіктерден жанкүйерлерді кіргіземіз. Стюордтар нұсқаған орындарға өтуге болады. Міндетті түрде маскада болу керек, - деді Павлодар облысы спорт және туризмді дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Олег Кольев.
Матч сағат 15:00-ге жоспарланған. Ендеше Павлодар өңіріндегі Бірінші лига чемпионатының басталуын өткізіп алмаңыздар.