Екібастұзда ауыр атлетика залына Илья Ильин есімі беріліп, әйгілі спортшы ашылу салтанатына қатысты
Жасыбай спорт кешенінің ауыр атлетика залы өткен жылы жөндеуден өткен. Мұнда 10 жастан бастап гір спортымен 40, ал ауыр атлетикамен 50 бала тегін айналысады. Бүгін оларға төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қонаққа келді. Талай жарыстарда дүлдүл атанған спортшы балаларға ақ жол тілеп, олардың дайындығына баға беріп, шеберлік сабағын көрсетті. Чемпионның айтуынша қазіргі таңда ауыр атлетикамен айналысатын балалардың көп екендігі қатты қуантады. Көп аймақтарда мұндай залдар жоқтың қасы. Сол себепті олимпиадалық спорт түріне кіретін ауыр атлетикадан балаларды дайындау өте маңызды.
-Мен Қазақстанның спорт залдарына келген кезде маған күрес пен бокс залдарын көрсетеді. Онда барлығы жылтырап, керемет болып тұрады. Қәне, ауыр атлетика залын көрсетіңдерші дегенде, жаттығу бөлмесі үнемі жертөледе орналасады. Соңғы төрт жылда бұл қағида сақталып келсе, соңғы кезде барлығы өзгеруде. Зал тап-таза, штангілер, тұғырлар бар. Барлығы жақсы, жұмыс істеуге болады,-деп жеткізді халықаралық додалар жеңімпазы Илья Ильин.
Екібастұздағы Жасыбай спорт кешеніндегі ауыр атлетика залында жаттығу арналған құрылғылардың барлығы бар. Ыңғайлы жаттығу процесі үшін киім ауыстыратын кең бөлмелер, душ және қарастырылған. Балалар үшін Илья Ильиннің келуі күтпеген тосын сый болды. Жеңістер мен әлемдік рекордтарды жасайтын болашақ чемпиондар алғашқы қадамдарын осы залдарда бастайды.
-Мен 12 жастамын. Мен ауыр атлетикаға қатысқаныма жеті ай болды. Менің ауыр атлетикаға қызығушылығым ашылып кетті. Бізге бүгін Илья Ильин келді. Мен сол кісі сияқты әлем чемпионы болғым келеді,-деп жеткізді жас спортшы Амантай Жазира.
Сонымен қатар Илья Ильин балаларды қызықтырған сан түрлі сұраққа жауап беріп, суретке түсіп, қолтаңбасын таратты. Және жас спортшылармен танымал әндерге би билеп, флешмобқа қатысты.