• Басты бет
  • Спорт
  • Екібастұздық паратеннисші Мысырдағы жарыста жүлдегер атанды

Екібастұздық паратеннисші Мысырдағы жарыста жүлдегер атанды

 

 

Қазақстандық паратеннисшілер жұбы Мысырда екі медаль еншіледі деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ашық чемпионат Гиза қаласында өтті. Жарысқа 27 мемлекеттің 190 спортшысы қатысты. Турнирде Талғат Ерекеев жақсы өнер көрсетті. Екібастұздық параатлет аралас сайыста күміс, ал жұптық кезеңде әріптесі Али Макулбековпен бірге қолаға ие болды.

 

Айта кету керек, бұл Fa20 және Fa40 санатындағы паралимпиадашылар үшін рейтингілік жарыс. Нәтижесі бойынша Париждегі ойынға лицензия алуға мүмкіндік береді.