• Басты бет
  • Спорт
  • Ерекше балаларға спорттық жаттығу құралдары сыйға ұсынылды

Ерекше балаларға спорттық жаттығу құралдары сыйға ұсынылды

 

 

 

 

Жекеменшік компания балаларға не қажет екендігін дөп басқан секілді. Дыбыс пен тілді жақсартуға және ұсақ моториканы дамытуға арналған мына құралдар тәрбиеленушілер үшін өте қажет. Нөмір 26-шы балабақшаға келетін әр бүлдіршін қазір дәл осы спорт бөлмесіне келуге асығады.

 

-Біздің компанияның мақсаты – бұл балалардың денсаулығын арттыру. Оның үстіне мемлекет басшысы осы жылды балалар жылы деп атады. Біз нөмірі 26 балабақшаның бүлдіршіндеріне біздің сертификатталған, өте сапалы жабдықтарымызды сыйлауды жөн көрдік,-деді меценат Наталья Репина.

 

-Ұсақ моторика ми қыртысына оң әсер етіп, тілі дұрысталады. Біздің балабақшада 81 бала тәрбиеленуде. Олар қазақ және орыс тіліндегі топтар. Демеушілер осындай керемет сыйлық жасап, біздің қуантып жатыр. Біздің балалар үшін осы жабдықтың барлығы өте қажет,-дейді №26 балабақшаның басшысы Гүлнар Жұмабекова.

 

Кез келген ойын дене белсенділігіне әкеледі, ал бұл баланың талапқа сай дамуына өз үлесін қосады. Енді 26 балабақшаның тәрбиеленушілері педагогтер мен ата-аналарын өздерінің жаңа қырларымен қуанта бермек. Себебі еліміздің болашағы әр баланың бүгінгі тәрбиесі мен дамуына байланысты.