• Басты бет
  • Спорт
  • ERG құрамындағы «Қазхром» қолдауымен Ақсуда «Алтын сақа» фестивалі өтті

ERG құрамындағы «Қазхром» қолдауымен Ақсуда «Алтын сақа» фестивалі өтті

 

 

Ақсу қаласы екінші жыл қатарынан қазақтың ұлттық ойындары: асық ату мен бес асық ойыншылары мен кәсіпқойларының басын қосқан басты алаңға айналды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Бұл "Қазхром "ТҰК" АҚ Бас директорының тамаша жеңісі. Ол Ақсу қаласы әкімімен бірге жарысты ашып, өзінің ойындағы керемет ептілігін көрсетті. Ер адам бала кезден Ұлттық спорт түрлерінің барлық негіздерін түсініп, енді ол дағдыларды жас ұрпақтың бойына сіңіруде.

 

-Менің ойымша, үйге келген кезде ата-аналарыңызға ептілік, шеберлік, еңбектің нәтижесін көрсетесіз. Міне, осы өте лайықты жеңіс. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, спорттық мүмкіндіктеріңізді барынша көрсетіңіздер,-деді Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов.

 

- Біз мәдени мұрамызды, спорттық мұрамызды жандандырудамыз. Менің бастамамды Ақсу қаласының әкімі, Ақсу қаласының тұрғындары толық қолдағанына өте қуаныштымын,-деді «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

 

Ауқымды фестивальге қала, ауыл мектептерінен, сондай ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 170 бала қатысты. Барлығы 28 құрама. Ойыншылар 9-15 жас аралығында. Асықты ұлдар да, қыздар да ойнады.

 

Балалар додаға бар ықыласымен қатысып, тартысқа толы ойын көрсетті. Ал фестиваль жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар, кубоктер мен медальдер табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивалдің арқасында ұлттық спорт түрлері жастар арасында танымал бола бастаған.

 

- Асық атудың дәрежесі енді республикалық дәрежеге жетіп отыр қазіргі таңда. Сондықтан бізде дайындалып жатқан оқушыларымыз үздік нәтиже көрсетуде. Республикалық орындарға да ие болып отыр, қазіргі таңда. Жалпы асық ату ол мергендікке, шапшандылыққа үйретеді оқушыларды,-деді жарыстың бас төрешісі Нұртай Қабыл.

 

Бес асықта Үштерек мектебі жеңімпаз, ал Сания Баймұрат үздік ойыншы атағына ие болды. Асық ату түрінде Жамбыл мектебі чемпиондық атаққа қол жеткізді. Мұнда үздік нәтижемен Бейбіт Көпбай көзге түсті.