• Басты бет
  • Спорт
  • ЕRG біріктіреді: Ақсу лицейінің командасы «Alzhan» мектеп лигасының жеңімпазы атанды

ЕRG біріктіреді: Ақсу лицейінің командасы «Alzhan» мектеп лигасының жеңімпазы атанды

 

 

Төрт айға созылған баскетболдан іріктеу ЕRG қолдауымен Лисаковск, Рудный, Хромтау, Ақтөбе және біздің өңірде бір уақытта өтті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Ауқымды жобаға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Әзірше олар кәсіби атаққа ұмтылуда. Дегенмен де, «ЕRG» бас демеушісі арқасында жас баскетболшылар өздерін нағыз спортшы сезінді.

 

- Менің ойымша, Павлодар облысында осындай деңгейде жарыс ұйымдастырылғн жоқ. Бізде онлайн көрсетілім, онда статистика көрсетілуде. Үстелдегі аппаратурада 7 адам жұмыс істеуде. Мұның барлығы ЕRG-дің арқасында,-деді Павлодар облысы бойынша «AlzhanLeague» аймақтық менеджері Жанат Сыздықов.

 

Бас жүлде «AlzhanLeague» суперфиналына жолдамаға кез келген мектеп құрамасы таласа алды. Біздің облыста 11 құрама бастады. Шешуші кезеңге дейін үздік 4 команда жетті. Алтын үшін талас қызу өрбіді. Ақсу лицейі мен Павлодардың №17 мектеп құрамасы жүздесті. Алаң иелері жанкүйерлердің ерекше қолдауын сезінді.

 

Лицей құрамасы ойында алға шығып, матч бойы қарсыласын артта қалдырды. Төртінші кезеңде павлодарлықтар ес жинағанымен, қарсыласпен есеп теңестіру мүмкін болмады. 32:25 есебімен Ақсу чемпиондық атақты жеңіп алды.

 

- Жеңуге мүмкіндік болды, бірақ біз қорғауда жақсы ойын көрсете алмадық. Біздің қолымыздан келмеді, бізге шу үнемі кедергі келтірді. Қарсыластың дайындығы мықты. Біз мектеп атынан ойнауға келдік, біз сонда жаттығамыз,- «AlzhanLeague» турнирінің күміс жүлдегері Ростислав Семёнов.

 

- Барлық қарсылас маған ұнады, олармен жарысу, жалпы қатысу қызықты болды. Ойын ауыр өтті. + Мен осындай турнирлер керек деп санаймын. Маған барлығы ұнады. Жалғасын тауып, қатыса берсек деймін,-деді «AlzhanLeague» турнирінің жеңімпазы Ярослав Грипас.

 

Бас демеуші атынан кубок, медальдер мен түрлі сыйлықтар. «ЕRG» әр командаға форма мен доп сыйлады. Сонымен қатар, үздік ойыншылар марапатталды. Ал енді чемпиондар Ақтөбеде өтетін Суперфиналға дайындалатын болады.

Байтұрсынов атындағы мектептің баскетболшылары қола медальді еншіледі. Үшінші орын үшін матчта павлодарлықтар 37:30 есебімен Ақсу лицейінің қыздарын артта қалдырды. Айта кетсек, Еуразиялық топ спортқа ерекше мән береді. Мәселен, «Қазхром ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқортыпа зауытында спортклуб жұмыс істейді, оған қызметкерлер мен балалар тегін қатысады.