"Ертіс" бірінші лига чемпионатын жеңіспен аяқтады
Бірінші лиганың соңғы турын павлодарлықтар «Екібастұзға» қарсы өткізіп, облыстық дерби ойыны 1:2 есебімен аяқталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодарлық команда бірінші болып есепті ашып, Владислав Васильев көзге түсті. Алайда, кеншілер нәтижені тез арада теңестіріп, гол авторы Әлімжан Еркен атанды.
«Ертіс» қарсыласқа жоғары қысып көрсетіп, ақыры жеңісті жұлып алады. Шешуші соққыны тәжірибелі форвард Еркебұлан Тұңғышбаев жасайды. Қорытынды 1:2.
Осылайша, команда Бірінші Лига чемпионатының күміс жүлдегері атанып, келер жылы Премьер-Лига чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
