"Ертіс" футболшылары Шымкентте жеңіске жетті

Шымкент қаласында бірінші лига чемпионатының 19-шы туры аясында «Ертіс» жергілікті «Оңтүстік Академиясы» ұжымымен шеберлік байқасты. Бұл ойында павлодарлықтар 0:1 есебімен жеңіске жетті.

 

Кездесудің алғашқы минуттарынан Ринат Алюетов шәкірттері басымдылықты өз қолдарына алып, өткір шаубылдарды ұйымдастырды. Сонда сәттердің бірінше Еркебұлан Тұңғышбаевқа қарсы ойын тәртібі бұзылып, төреші 11-метрлік соққы тағайындайды. Алайда, Владислав Васильевке есепті ашу бұйырмады.

 

Алғашқы гол тек екінші таймда соғылады. «Павлодарлық джокерге» айналған Матвей Герасимов, алаңға қосыла сала қарсылас қақпасынан саңылау тауып, команданы алға жетелейді. Матчтың соңына дейін нәтиже өзгермей, «Ертіс» қиын ойында маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, жеңісті серияларын 6 матчқа дейін жеткізді.

 

Келесі кездесуді «Ертіс» Павлодар қаласында 29 тамыз күні «Тараз» клубына қарсы өткізеді.