Коммуналшылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Қар бір тәуліктен бері жауып тұр. Коммуналшылар бірден күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қала көшелерін тазалауға 160 техника бірлігі, оның ішінде 30 тиегіш, 65 жүк, 48 сыпырушы және 17 құм шашқыш көліктері шықты.  

 

- Қазіргі уақытта, қала көшелерінде 130-дан астам арнайы техника жұмыс жасауда. Олар қар шығару жұмыстарымен айналысып жатыр. Кеше түнде жиналған қарды. Сонымен қатар, 160 адам жұмыс жасап жатыр. Аялдама павильондарын, жолдардың жиектеріндегі қарларды жинау және  жаяу жүргіншілердегі қарларды, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.  

 

Қыс мезгілі басталғалы Успен көпірінің арғы жағындағы полигонға 66 мың тонна қар шығарылды. Оның 1250-і соңғы тәулікте. Синоптиктердің болжамы бойынша мұндай ауа райы аптаның соңына дейін жалғасады.