• Басты бет
  • Спорт
  • Көкпардан Павлодар облысы құрамасы «Сарыарқа Кубогында» 2-ші орын алып 700 мың теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды

Көкпардан Павлодар облысы құрамасы «Сарыарқа Кубогында» 2-ші орын алып 700 мың теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды

 

Қарағанды қаласының "Үштөбе" атшабарында Республика күні мерекесіне орай көкпардан дәстүрлі "Сарыарқа кубогы" өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр аймағының мықтылары келді. Командалық додада Павлодар облысы құрамасы финалға дейін барып, ақтық кезеңде 2-ші жүлделі орынға ие болды. Жергілікті шабандоздар биыл жетістіктерімен қуантуда.

 

-Биылғы жыл ерекше, облыстағы командалардың аттарының күйі де, дайындығы да ерекше екені көрініп тұр. Барлық спортшылар сақадай сай дайындықта,-дейді Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубы басшысы Дархан Жоламанов.

 

-Павлодар өңірінде көкпар спортында жаңа есімдер шығып жатыр. Спортшыларды дамытып, олармен жұмыс жасап, аймағымызда ұлттық ат спортшын әрі қарай дамыту негізгі мақсатымыз,-деп жеткізді көкпардан жаттықтырушы Дәурен Жандарбек.

 

«Сарыарқа кубогы» жарысындағы 2-орын арқасында павлодарлық шабандоздар құрамасы 700 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Алар асуларымыз әлі де бар деген ұстаныммен, ұлттық спортшыларымыз дайындықты жалғастыруда.