• Басты бет
  • Спорт
  • Мұхтар Дәлелханұлы - «Қазақстан Барысы – 2023» додасының қола иегері

Мұхтар Дәлелханұлы - «Қазақстан Барысы – 2023» додасының қола иегері

 

 

 

 

Күні кеше Астана қаласындағы Барыс арена залында 41 палуан белдесіп, үздік атануға ниеттенген болатын. Айта кетсек, Павлодар облысын баянауылдық Мұхтар Дәлелханұлы мен ақсулық Бағұстар Әміре таныстырды. Түйе палуан Мұхтар облыстық іріктеуден сүрінбей өтіп, бірден басты тартысқа дайындықты бастап, уәде еткендей үздік үштікке енді.

 

116 келі салмақтағы павлодарлық қола үшін күресте 109 келілік әскер барысы Марат Байқамуровпен кездесті. Тартысты белдесуде екі палуан бір-біріне есе жібермей, қызу жекпе-жек көрсетті. Нәтижесінде берілген уақыт үшінші орын иегерін анықтауға жеткіліксіз болып, спортшылар қоян қолтық күресте бақтарын сынады. Бұл тартыста Мұхтар Дәлелхан қарсыласын влғашқы секундтарда жығып үлгеріп, 1 800 000 теңге мен қола белбеу иегері атанды. Айта кетсек, Қазақстан Барысы – 2023 атағы тараздық Ғалымжан Қырықбайға тиесілі болса, күміс жүлде маңғыстаулық Нұрсұлтан Жарылғапов еншісінде.