• Басты бет
  • Спорт
  • Мұхтар Дәлелхан Павлодар Барысы — 2023 атағының иегері атанды

Мұхтар Дәлелхан Павлодар Барысы — 2023 атағының иегері атанды

 

 

 

 

Павлодар Барысы – 2023 жыл сайын дәстүрлі өтетін Қазақстан Барысына іріктеу. Мұнда өңіріміздің 3 қаласы мен 10 ауданынан ең мықты, тепсе темір үзетін түйе палуандар белдесті. Жыл сайын бұл додаданың дәрежесі өсіп, спортшылар үздік нәтиже көрсетуде, мысалы осы жылы өзге додаларда үздік нәтижеге жеткен, белді спортшылар бар. Ал қазақ күресі қазіргі таңда танымалдылығын жоғалтқан жоқ, сондықтан ұлттық спортпен айналысуға ниеттенгендер жеткілікті дейді мамандар.

 

- Қазақ күресінің ерекшелігі – ұлттық дәстүрлі спорт түрі болғаннан соң, күш білекте дейді ғой, паландар қазақ күресімен айналысқан сайын рух береді, намыс береді, елге деген сүйісеншілік, патриоттық сезім береді,-деді Павлодар облысы қазақ күресі федерациясы қауымдастығының атқарушы директоры Дархан Жоламанов.

 

Қүрделі кездесуде аса үлкен басымдықпен бас жүлдені Баянауыл ауданынан келген Мұхтар Дәлелханұлы иеленді.

 

- Республикалық додаға сбор, Алматыда, өзіміздің Павлодарда сбор жасаймыз, дайындаламыз, бұйырса, белбеудің біреуін әкелемін деген ойдамын,-деп жеткізді өңіріміздің үздік палуаны.

 

Финалдық күресте баянауылдық Мұхтар Дәлелханұлы мен Бағұстар Әміре кездесті, нәтижесінде, киелі баянауыл тумасы жеңіске жетіп, ал ақсулық күміс медальді еншіледі. Енді қос батыр облыс намысын шілде айында республика біріншілігінде қорғайтын болады. Айта кетсек, жеңімпаздар Аманат партиясы мен демеушілер атынан қаржылай сыйлыққа ие болды.

 

 

Өскелең ұрпақ денсаулығы мен ұлт бақыты – кәсіпорын үшін басты назарда. Сондықтан Ақсу қаласында жас буын болашағы үшін бар жағдай жасалған. Моноқала жастары өзін-өзі дамытып, болашаққа нық қадам басуы үшін мұнда спорт алаңдары мен дене шынықтыру комплекстері жұмыс жасайды. Ал спорт фестивалінде өзін оң қырынан танытқандар бірер уақыттан кейін нағыз спорт жұлдыздарына айналады деген үміт бар.