Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Облыс құрамаларының спортшылары бодибилдингте жоғары нәтижеге қол жеткізді

Спорт

16
Пандемия салдарынан спортшылардың көбісі үйде дайындалған болатын. Алматы қаласындағы жарыста павлодарлықтар барлығын таң қалдырды. Елдің үздік атлеттері Қазақстан кубогінің үздігін анықтады. Ангелина Малеева бірнеше жыл бойы 5-ші орында болған. Қазір «Фитнес-бикини» тәртіптемесінде қоланы місе тұтты.

 - Фитнес бикини тәртіптемесінде сахнадағы көрініс маңызды. Дене қалпы бірегей болуы керек. Сондай-ақ, түрлі элементтерді қолданып, өзіңді ұсыну қажет, -дейді   Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ангелина Малеева.

 

- Бұл жолы облыс құрамасының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алматы мен Қарағандыдан кейін үшінші орынға жайғастық. Жалпы 20 облыс қатысып, 500-ге жуық атлет сайысты, - дейді Қазақстан рекордшысы Максим Яворович.

 

Ерлан Қалиев өз шәкірттеріне шеберлік сабағын көрсетіп, күміс медальге қол жеткізді. Бұл командаластардың қолдауы арқасында дейді. Максим Яворович абсолютті рекордқа екі алтын медалін қосты. 

 

 - Нәтиже жұмыспен келеді. Бапкер ретінде жастарға үлгі көрсетуге тырысамын. Салауатты өмір салтын ұстап жүргендіктен, денсаулыққа аса жауапкершілікпен қараймын, - дейді Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Қалиев.

 

-Пандемияға байланысты чемпиондар әлем чемпионатына бара алмауы мүмкін. Ол Францияда өтеді деп жоспарланған. Қазақстандықтарға онда баруға болмайды. Сол себепті ешкім қатыспайды,- дейді Қазақстан рекордшысы Максим Яворович.

 

Атлеттердің күнтізбесіне пандемияға байланысты өзгертулер енгізілді. Бодибилдерлер ішкі жарыстарға қатысатын болады. Арулардан Елена Бадарэу және Виолетта Касьянова ел кубогінің чемпиондары атанса, Елена Яценко күміс медальге қол жеткізді.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()