• Басты бет
  • Спорт
  • Облыс құрамасын жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Облыс құрамасын жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты биыл Павлодарда өтіп, оған еліміздің әр өңірінде үздік атанған 13 команда жиналды. Аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған Ақсу спорт мектебінің ұжымы облыс намысын қорғап, топтық кезеңді сүрінбей өтіп, финалда Жамбыл мен Ақтөбе құрамаларын артта қалдырды. Батыс өңірінің ұжымына қарсы кездесу шешуші еді. Матчта нәтижелі соққыларымен Әбен Әмір және Максим Макаревич көзге түсті. Нәтижесінде, 2:1 есебімен жерлестеріміз жарыс чемпионадары атанды.

- Барлық қиын матчтарда мінез көрсетіп, жеңіп шықтық. Осылай финалға дейін барып, чемпиондыққа қол жеткіздік. Мотивация өте мықты болды. Соның арқасында жеңіске жеттік. Оған қоса қатты дайындық жасадық, жаттықтық,-дейді команда ойыншысы Шынәлі Қалиақпар.

 

Жас спортшыларды құттықтап, қолдау көрсетуге Ақсу қаласы әкімі де келген. Шаһар басшысы жас чемпионадардың қысқы дайындығына көмек көрсетуді қолға алмақ. Команда бапкері болса, бұл жеңіс үлкен еңбек арқасында екендігін жеткізді.

 

- Жігіттерге әр ойын алдында, біз биыл чемпиондыққа қол жеткізу керектігін айттым. Өткен жылы қола жүлдегер болдық, енді алтын ғана мақсат деп жігер бердім. Үмітті ақтады. Арманымыз орындалды, өте қуаныштымыз. Қала әкімі де келіп қолдады. Құттықтап, Ақсуда манеж салуға уәде берді. Балалар мәз боп жатыр, -дейді Павлодар облысы құрамасының жаттықтырушысы Манарбек Қасенов.

Айту керек, Ақсу спорт мектебі өз тарихында ел чемпионы болып көрген емес, сол себепті аталмыш нәтиже екі есе қымбат дейді ойыншылар.