• Басты бет
  • Спорт
  • Облыс құрамаларының спортшылары бодибилдингте жоғары нәтижеге қол жеткізді

Облыс құрамаларының спортшылары бодибилдингте жоғары нәтижеге қол жеткізді

 - Фитнес бикини тәртіптемесінде сахнадағы көрініс маңызды. Дене қалпы бірегей болуы керек. Сондай-ақ, түрлі элементтерді қолданып, өзіңді ұсыну қажет, -дейді   Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ангелина Малеева.

 

- Бұл жолы облыс құрамасының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алматы мен Қарағандыдан кейін үшінші орынға жайғастық. Жалпы 20 облыс қатысып, 500-ге жуық атлет сайысты, - дейді Қазақстан рекордшысы Максим Яворович.

 

Ерлан Қалиев өз шәкірттеріне шеберлік сабағын көрсетіп, күміс медальге қол жеткізді. Бұл командаластардың қолдауы арқасында дейді. Максим Яворович абсолютті рекордқа екі алтын медалін қосты. 

 

 - Нәтиже жұмыспен келеді. Бапкер ретінде жастарға үлгі көрсетуге тырысамын. Салауатты өмір салтын ұстап жүргендіктен, денсаулыққа аса жауапкершілікпен қараймын, - дейді Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Қалиев.

 

-Пандемияға байланысты чемпиондар әлем чемпионатына бара алмауы мүмкін. Ол Францияда өтеді деп жоспарланған. Қазақстандықтарға онда баруға болмайды. Сол себепті ешкім қатыспайды,- дейді Қазақстан рекордшысы Максим Яворович.

 

Атлеттердің күнтізбесіне пандемияға байланысты өзгертулер енгізілді. Бодибилдерлер ішкі жарыстарға қатысатын болады. Арулардан Елена Бадарэу және Виолетта Касьянова ел кубогінің чемпиондары атанса, Елена Яценко күміс медальге қол жеткізді.