• Басты бет
  • Спорт
  • Олимпиада лицензиясының иегері Серік Теміржанов тек медаль үшін жұмыс жасайды

Олимпиада лицензиясының иегері Серік Теміржанов тек медаль үшін жұмыс жасайды

Жерлесіміз Куба, Испания, Иордания елдеріне барып үлгерді. Спортшының әрбір минуты жоспарланған. Серік Теміржанов бала кезінен олимпиада медалін армандап келеді. Жарыс жолында сәтсіздіктер болды. Соңғы жекпе-жектің қорытындысынан кейін сараптама жасалды.  

 

- Төрешілердің мәселесін көтергім келмейді. Қолын түсірген жеңіліске жетеді. Біз үшін бұл тәжірбие болды. Олимпиада ойындарында қатемен жұмыс жасаймыз, - деді Павлодар облысы бокс федерациясының атқарушы директоры  Азамат Мақажанов.

 

- Көп кемшіліктерімізбен жұмыс жасадық бапкеріміз екеуміз. Қарсыластарымызды зерттедік. Қай жері кем екенін. Өзіміздің күш-жігерімізді жігерлендірдік. Қаншама жаттығу жиындары болды. Тактика жағынан күш жағынан барлығын жетілдірдік. Қазір дайынбыз. Енді соңғы сборымыз қалды, - дейді Серік Теміржанов.

 

 

Шілденің бірі боксшылар Алматы қаласында ұлттық команда базасында жиналады. Токио алдындағы қорытынды дайындық жоспарланған. Спортшылар снарядттармен және өзара спарринг өткізбек.   

 

- Бапкермен жұмыс, техника-тактикалық шеберлікті шыңдау сынды жұмыстар жоспарланған. Қазір барлық жағынан дайындық жүргізілуде. Медаль еншілейтін мүмкіндік бар, - деді Азамат Мақажанов.

 

Оңтүстік астанадан Жапонияға шілденің 16-сы жол жүреді. Олимпиадалық жарыс 24-і басталады. Тамыздың 5-і - финалдық кезең. Павлодарлық спортшы 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.