Париж Олимпиадасы: Павлодарлық Ольга Сафронова өз тобында жетінші болды
Париж Олимпиадасында 200 метрге жүгіруден іріктеу сыны өтті. Бұл бәсекеде павлодарлық Ольга Сафронова үздіктер қатарына іліге алмады дейді irbistv.kz тілшісі.
-Сафронова өз тобында мәреге жетінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші - 23.58 секунд. Жартылай финалға әр топта бірінші орын алған спортшылар өтті. Ольга Сафронованың әлі де мүмкіндігі бар. Ол жұбаныш айналымында сынға түседі,-деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті ресми сайтында.
Жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы 200 метр қашықтықтағы жұбаныш кезеңінде
Ольга Сафронова бүгін сағат 15:50 өнер көрсетеді.
Фото: olympic.kz