Павлодар өңірінде спортты дамытуға не кедергі?
Павлодар өңірінде соңғы жылдары олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға ерекше екпін беріліп отыр. Бұған көрсеткіштер де дәлел деп жеткізді бапкерлер. Азиядадағы ұлттық құраманың нәтижелері сынға ұшыраған шақта, бұл тақырыптың өзектілігі арта түсті. Дөңгелек үстел барысында жаттықтырушылар мұңын шақты дейге келмейді, мамандар нақты фактілерді ұсынды. Осы орайда, Ертіс-Баян өңірінде тарихы мол көркем гимнастика жеке залының жоқ екендігі сөз болды. Осы күні спорттың бұл түрімен 1000 жуық аймақ тұрғыны айналысуда.
-Балаларға жаттығатын жер жоқтың қасы. Жеткіншектер негізінен жеке меншік көркем гимнастика мектептерінде дайындалуға мәжбүр. Жаттығып жүрген «Баянтау» көркем гимнастика параметрлеріне сай емес. Ал мамандандырылған мектеп бүкіл облыста жалғыз. Бізге заманауи стандарттарға сай тұғыр, алаң, кәсіби кілемдер ауадай қажет,-деп жеткізді көркем гимнастикадан Павлодар облысының аға жаттықтырушысы Елена Белус.
Олимпиадалық емес спорт түрлері өкілдерінің де мәселелері жеткілікті. Негізінен ересектер айналыстан бұл салада, кәсіби мамандардың басқа өңірге көшіп кетуі белең алуда дейді.
-Облыстық ММА соңғы маусымда 2 халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерінен айырылды. Олар жалақы мен дайындық жағдайы әлдеқайда ұтымды өңірлердің ұсынысын қабылдап, тұрғылықты мекенжайыларын ауыстырды. Мәселе еш шешімін табар емес. Бұлай жалғаса берсе, біз тәрбиелеген ұл қыздар, басқа облыстарға кете береді,-деп мәлімдеді Павлодар облысы ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясының жетекшісі Айдана Темірова.
Төмен жалақы көптеген спорт төрешілердің де біліктілігін арттыруға кедергі. Ал мықты қазылық жоқ жерде, ауқымды жарыс туралы айту қиын. Дөңгелек үстелге қатысушылар пысықталған мәселелер шешімін бірлесіп табу маңызды деген қортындыға келді.