• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодардағы «Sport City» кешеніндеге жекпе-жектер орталығы сәуір айында қолданысқа беріледі

Павлодардағы «Sport City» кешеніндеге жекпе-жектер орталығы сәуір айында қолданысқа беріледі

 

 

«Спорт-Сити» кешеніндегі мұз айдыны мен футбол алаңдары қазір қызмет етіп тұр. Ал өткен жылдан бері, әне-міне ашылады деген жекпе-жектер орталығы әлі күнге дейін іске қосылған емес. Өңірлік спорт басқармасында ғимарат неліктен қолданысқа берілмей жатқандығын айтып өтті.

 

-Спорт құрал-жабдықтарының уақытында жеткізілмеуіне байланысты жаңа ғимараттың ашылуы кейінге ауыстырылды. Шекарада жабдықты өткізуге қатысты қиындықтар бар. Құрылыс пен монтаждау бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Бәрі дайын деп айтуға болады, тек инвентарь ғана жетіспейді. Олар келген соң спорт нысанын ашамыз. Сәуір айы соңына дейін іске қосылады деп жоспарлап отырмыз,-деді Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

 

Жекпе-жектер орталығында 17 күрес спорт түрлері бойынша жасөспірімдер жаттығуларға қатысады. Демеушілік қаражат есебінен тұрғызылған ғимарат ішіндегі 3 дайындық және үлкен зал ауқымды жарыстар мен жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік береді. Қаржыландыру бойынша қиындықтар мен жосықсыз мердігерлер үшін өңірімізде өзге де нысандардың тапсыру мерзімі орындалмай жатыр.

 

-Ақсу ауылдық аумағына тиесілі Мәмәйіт Омаров және Береке ауылдарында, Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында, Павлодарға тиесілі Кенжекөл ауылындағы дене-шынықтыру кешендерін ашылуы бойынша қиындықтар бар,-деді Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

 

Айту керек, облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындарымыздың жалпы саны 282 532 адамды құрайды екен.