• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда «ҚазМұнайГаз» спартакиадасының финалдық ойындары өз мәресіне жетті

Павлодарда «ҚазМұнайГаз» спартакиадасының финалдық ойындары өз мәресіне жетті

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының жыл сайынғы дәстүрлі спартакиадасы биыл 7-ші рет ұйымдастырылып, Ертіс-Баян жерінде мұнай саласының майталмандары спорттың 11 түрінен үздіктерді анықталды. Алаң иелері Павлодар мұнай-химия зауыты құрамасы жарыста топ жарды. Виталия Гайдаенко мен арқан тарту ұжымы еншісінде қола медальдер. Ольга Деревягина, Наталья Берсенёва мен волейбол құрамасы вице-чемпиондар атанса, Владислав Бодылёвский мен Айнаш Тасбулатова дүбірлі доданың жеңімпаздары атанды.

 

- Бізде спортты дамытудың жоғары деңгейі таң қалдырады. Спорт нысандарының, ұйымдастыру деңгейі керемет. Барлық қонақтар, әріптестерімнің көңілінен шығып жатыр,-деді «ҚазМұнайГаз» спартакиадасының жүзуден жеңімпазы Айнаш Тасбулатова.

 

-Финалда 2 орын алдық. Соның өзі жетістік. Себебі "ҚазМұнайГазкомпания қарамағында 28-деп команда қатысып жатыр ,-деді «ҚазМұнайГаз» спартакиадасының күміс жүлдегері, «ПМХЗ» ЖШС волейбол құрамасы капитаны Азамат Жакупов.

 

Павлодарда спартакиада қатысушылардың рекордты көрсеткіші тіркелді. «ҚазМұнайГаз» қарамағындағы 27 ұйымнан 600 аса қызметкер бағын сынады. Бұл мұнай саласы қызметкерлерінің өзара байланысын нығайтып, рухты көтеруге жағымды әсер етті. Барлық жеңімпаздары «Самұрық-Қазынаның» спартакиадасына жолдама алды.