• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда «Алға» клубының 30-жылдығына арналған кикбоксингіден «Мықтылар турнирі» өтуде

Павлодарда «Алға» клубының 30-жылдығына арналған кикбоксингіден «Мықтылар турнирі» өтуде

Жастар жойқын соққыларын жаудыртып, барын салуда. Бұл жарыста тек еліміздің үздіктері ғана бас қосты. Бекерден бекер «Мықтылар турнирі» деп аталмаған дейді бапкерлер. Қатысушылар саны шектеулі, 8 аймақтан, тек 40 спортшы. Павлодарлық «Алға» клубының 30- жылдығына орай, әдейілеп әр өңірдегі кіл мықтыларына ғана шақырту жіберген. Солардың қатарында үлкен үзілістен кейін бағын сынап көрген жерлесіміз Берік Искаков топ жарып, чемпион атанды. Тәжірибелі спортшы жас болмаса да, шапшаңдығы мен соққылардың күшін еш жоғалтпаған.

 

-Жасым 33-те. Үлкен үзіліс болды, 9 жыл. Күшімді көрейін деп шықтым. Алла қалауымен 1-орын алдым. Алда іріктеу болады, Ислам ойындары Түркияда, соған дайындаламыз деп ойлаймын,-деді жарыс жеңімпазы Берік Искаков.

 

Ересек жауынгерлер үшін бұл Ислам ойындарына іріктеу болса, жас кикбоксшылар үшін турнирдегі алтын медаль, Әлем чемпионатына іріктеу болып табылады. Сондықтан әрбір кездесу табанды шайқасқа айналуда.