Павлодарда «Оtbasy Fest» спорт-отбасы фестивалі өтті

Бұл фестиваль Павлодар облысында ғана емес, Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бүкіл қала мен облыс тұрғындарының басын қосу, үлкен жауапкершілік. Соған қарамастан халықаралық Herbalife компаниясы осындай ауқымды іс-шараны қолға алған. Мақсат біреу – адамдардың бойында салауатты өмір салтын ұстану әдетін қалыптастыру.

 

-Бұл фестивальдің басты мақсаты – отбасыларды біріктіру. Оған қоса, жалпы «Herbalife» компаниясының жалпы көздегені адамдарға өздерін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беру. Тамаққа деген көзқарасын, тамақтанудағы әдетін өзгерте отырып, өзін әлдеқайда әдемі, әлдеқайда дені сау адам ретінде сезінуіне жағдай жасау, - дейді «Оtbasy Fest» жүргізушісі, Herbalife бренд-амбассадоры Валихан Тен.

 

Марафонға әкесі, анасы мен баласынан тұратын 100 команда тіркелген. Ең бастысы қатысу да, жазылу да тегін. Жағалауда нағыз мерекелік атмосфера орнады. Фестивальдің өтуіне Павлодар қаласының әкімдігі, облыстың денсаулық сақтау басқармасы, медициналық технологиялардың ғылыми-зерттеу институты мұрындық болған.

 

Сонымен қатар «Заң мен Тәртіп» идеологиясын қолдай отырып, тамыздың 23-і өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны қарсаңында халықтың басын қосуды да мақсат еткен. Сондықтан жағалауға келген демалушылардың да назарын аудара білді. Олар арнайы алаңда түрлі іс-шараларға қатысып сыйлықтар ұтып алса, кейбірі өздерінің биологиялық жасын, яғни ағзасының жағдайымен тегін танысты. Ал қатысушылар арасында мұндай жарысқа бірінші келгендер де бар.

 

2 жарым шақырымды отбасы мүшелері бірге бағындырып, мәре сызығын қол ұстасып бірге аттағандар бүкіл талапты орындаған болып саналады. Нәтижесінде 100 команданың ішінен ең үздіктерін анықтады. Жеңімпаздарға түрлі бағалы сыйлықтар мен «Herbalife» компаниясының салауатты өмір салтын қолдау клубына сертификаттар табысталды. Себебі нағыз бақытты отбасы – ол дені сау ұрпақ пен өмірге ғашық жандардың ортасын қалыптастыру. Ал «Herbalife» компаниясында осының бәрі бар.