• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда «Qazaq Marathon» атты ауқымды республикалық жүгіру жарысы өтті

Павлодарда «Qazaq Marathon» атты ауқымды республикалық жүгіру жарысы өтті

Додаға кәсіби желаяқтармен қатар, қарапайым әуесқойлар, тіпті балалар да қатысу мүмкіндігін иеленді. Өңірімізде алғаш рет өткен додаға еліміздің ғана емес, шетелдік спортшылар да келіп, Ертіс бойындағы қашықтықтарды бағындырды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қатысушыларға физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қашықтықты таңдау мүмкіндігі берілді: 21 км, 10 км, 5 км, 10 км скандинавиялық жаяу жүріс және 2 км балаларға арналған қашықтық. Іс-шара нағыз спорт мерекесіне айналды. Павлодарға келген қонақтар орталық көшелермен, жағалау бойымен өтіп, қаламызбен танысты. Арасында шетелден келген меймандар да болды. Қатысшулардың кейбірі жүгіру үшін қызықты киім үлгілерін таңдап, көпшілікті таң қалдырды. Ұлттық киіммен марафонды бағындырған жастар бар жанарды жаулады.

 

- Өте жеңіл болды. Қазақ халқының ұлттық киімін кию, ұлттық құндылықтарды, патриоттықты дәріптеу үшін. Бастысы керемет көңіл күй сыйлау. Жақсы оймен келдік осы мерекеге. Өте әсері іс-шара,-деп жеткізді марафонға қатысушы Айнагүл Абылденова.

 

Qazaq Marathon -бүкіл елді бір тудың астына біріктірген алғашқы жоба. Бұған дейін өңірлерден спортшылар Қонаев, Талдықорған, Семей қалаларын қамтып, Павлодарда ауқымды жарыстың финалдық кезеңі өтті. Әрбір санаттағы үздіктер қомақты ақшалай сыйлықтарға иеленді. Айту керек, ұйымдастырушылар біздің өңірде "Qazaq Marathon" тегін жүгіру мектебін ашуды жоспарлап отыр.