Павлодарда қала күніне орай жүгіруден марафон өтті
«QALA RUN PAVLODAR» атты спорттық шара қатарынан екінші жыл ұйымдастырылуда дейді irbistv.kz тілшісі.
Биыл жүгіру жарысына қатысушылар үш қашықтықтың біреуін таңдау құқығына ие болды: 5 шақырым, 10 шақырым және 21 шақырым.
Таңғы сағат 07:00 барлық желаяқтар орталық жағалаудан жүгіруді бастап, қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтті. Бұл ретте, қоғамдық көлік жүрісі мен қауіпсіздікті әрбір периметр бойынша полиция қызметкерлері қадағалап, еріктілер көмек көрсетті.
Айту керек, сайысқа қатысу үшін желаяқтар 1000 теңгелік жарна төлеп, фирмалық жейде, бас киім, тіркеу нөміріне және медальге ие болды. Барлық жиналған қаражаттарды ұйымдастырушылар қайырымдылыққа жаратады.