Павлодарда қариялар арасында шағын футболдан жазғы облыс чемпионаты аяқталды
Жаз бойы «Спорт Сити» футбол кешеніндегі алаңда нағыз шайқас болды. 50-жастан асқан қариялардың чемпионатына биыл 10 команда қатысып, іріктеуден суырылып шыққан 4 команда плей-оффқа шыққан еді. Жартылай финалда ақтоғайлық «Спартак» пен «Заря» және Қызылжар ауылы мен ақсулық «Металлург» ұжымдары кездесті.
-Жартылай финалдағы ойындар тең аяқталды, 1:1 есебімен. Нәтижесінде мықты ұжымдарды пенальти сериясында анықтауға тура келді. Ақсақалдар өте риза футболға деген,-дейді Заря командасы ойыншысы Марат Ахметов.
Осылайша, ақтық кезеңге Заря мен «Металлург» жолдама алды. Финалдық ойында ақсулық қариялар өздерінің чемпиондық атақтарын сақтап қалды. Қорытынды 2:1. Дегенмен, вице-чемпион атанған Заря нағыз жаңалық жасады десек еш артық айтпаймыз. Спорт ардагерлерінің айтуынша, бұл турнирге қатысқанның әрбіреуі жеңімпаз деген атауға лайықты.
-Екінші орын алып отырмыз. Финалдға Ақсуға жеңіліп қалдық. Бірақ, қарап отырсақ, турнир жастарымызға үлкен тәлім-тәрбие. 60-70 жастқан ақсақалдар ойындарға немерелерімен келіп жатыр,-дейді жарыстың бас төрешісі Бейсенбек Ибраев.
Ал қола жүлделер ақтоғайлық «Спартактың» Ойрат Саудов бастаған жұлдызды ұжымына бұйырды. Команда үшінші орын үшін таласта «Қызылжардан» асып түсті. Енді спорт ардегерлері қараша айына жоспарланған қысқы чемпионатты күтетін болады. Оған дейін дайындықты жалғастырамыз деп уәделесті.