Павлодарда 63 спорт нысаны жөндеуді қажет етеді

 

Ағымдағы жылы Павлодар аулаларында 72 спорт алаңы бой көтерді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Биыл облыс орталығында 12 шағын футбол, 30 стритворкаут және 30 стритбол алаңы орнатылды. Бүгінде қала тұрғындары спортпен айналыса алатын 647 нысан қолжетімді. Спорт бөлімінің мамандары барлығын тексеріп, 63 алаңда олқылықтар анықтаған.

 

- Футбол алаңдарында көбінесе қоршау зақымдалады. Қақпаның артындағы 3D құрылымдарын берік материалмен алмастыруды жөн санадық. Стритбол нысандарында сақина және тартан жабыны зардап шегеді. Тұрғындардан оларды жөндеу бойынша өтініштер келіп түседі. Оны тікелей бөлімге немесе 109 колл орталығы арқылы қалдыруға болады,-деді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Әсет Уақас.

 

Әкімдікте 2025-ші жылы тағы 165 спорт алаңдарын орнатуды жоспарлайды. Осылайша тұрғындар арасындағы қажеттілік көрсеткіші жабылады.