• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда акамедиялық есуден Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды

Павлодарда акамедиялық есуден Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды

Есушілердің жарысы екі-үш сағатқа ерте басталады. Олар өз құрал жабдықтарын дайындап, қайықты сырлайды. Әрбір команданың өз құпиясы бар. Мәселен, Нұр-Сұлтан ұжымы жарыс алдында өз ойымен бөлісті. Ең алдымен бапкердің нұсқаулықтарын тыңдайды. Барлық ережелерді халықаралық федерация бекіткен. Жарыс алдында төрешілер судағы қауіпсіздік ережесін тағы бір мәрте қайталайды.

 

Таңғы ауысымда үш айналым бойынша сайысты. Түсткен кейін суға арулар шықты. Айта кетсек, бұл топта біздің жасөспірімдер құрамасы медальдер үшін таласады. Қазір Азия чемпионатына дайындық жүргізілуде.

 

- Бәсекелестік жоғары. Бір реттен суға 7-8 қайық шығады. Жаңадан келген спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде. Келесі жылы оларды ірі жарыстарға қатыстыруға тырысамыз, - дейді Павлодар облысы құрамасының аға жаттықтырушысы Ольга Афанасьева

 

Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі қорытынды ретінде. Павлодарға Нұр-Сұлтан және Қарағанды облыстары келді. Ерлер тобында Ұлттық команданың көшбасшылары өз күшін сынап көруде.