• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда ардагерлер арасында футболдан жазғы облыс чемпионаты басталды

Павлодарда ардагерлер арасында футболдан жазғы облыс чемпионаты басталды

 

 

Футболға деген махаббаты ерекше Павлодар өңірінде доп ойыны жасқа қарамайды. Бұл баяғыда тіркелген факт. Ел қариясы-ел қазынасы болғандықтан, олардың жасыл алаңдағы тартысты бәсекесін бақылау орны бөлек дүние. Биыл жазғы футбол чемпионатында командалар трансферлік күшейтілген. Енді, Ақтоғайлық «Спартак» сапында Ойрат Садуовтан басқа, Ақсу қаласы әкімі Нұрлан Дүйсенбинов және елге танымал ардегер футбошылар Вахид Масудов пен Рахман Асуханов өнер көрсетеді. Әуесқой спорт ардагерлері үшін бұл тактика дайындау үшін қосымша жігер береді.

 

-Ақсақалдардың эмоциясы ерекше. Футболға дайындық мықты. Киім шешу бөлмесінде бір-бірін жігерлендіріп, тактика құрып жатады. Қатты уайымдайды. Ойыннан кейін жеңгендер балаша қуанады, жеңілгендер келесі матчта жеңеміз өздеріне мақсат қояды,-дейді жарыстың бас төрешісі Бейсенбек Ибраев.

 

Биыл 50-ден асқандар лигасына қатысатын командалар саны 10-ға дейін артты. Ақсулық «Металлург», Заря пен Қызылжар ауылдары, Шарбақты, Ақтоғай, Успен аудандары, Екібастұздық «Легенда» және павлодарлық ҚТЖ, Достар және «Пигап-Ярыш» ұжымдары. Қариялар бұл жарыстың басталуын тағатсыздана күтіп, алаңдағы тартыстан кәдімгідей демалатындықтарын жеткізді.

 

-Біреу сурет салады, біреу ән айтады ғой. Мен болса футбол ойнаймын. Негізі жастармен ойнаймын. Жексенбі күндері. Орталық стадионда.жігіттер шақырады. 70-ке келген ағаларымыз бар. Құдай денсаулық берсе, біз де ойнаймыз 70 келгенше,-деді «Достар» командасы ойыншысы Мұхит Нысанов.

 

Бизнес, қоғамдық жұмыс, саясат, шаруашылық және спорт саласында биік белестерді бағындырған қариялар, осылайша доп қуып, балалыққа саяхат жасап, немерелеріне үлгі көрсетуде. Ардагерлер арасындағы шағын футболдан өңірлік жарыс бірнеше айға ұласады. Кездесулер демалыс күндері «Спорт Сити» кешенінде өтуде.