Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда бала футболшылар облыс чемпионатын өткізді

Спорт

106
Жеңімпаз атанған құрама өңір намысын Қазақстан біріншілігінде қорғайды. Сол себепті бәсеке жоғары.

Облыс чемпионаты 2007 жылғы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жас аяқдопшылары арасында өтуде. Басты жүлде үшін 5 команда үмітер: Ақсу, Қалқаман, Екібастұз құрамалары мен павлодардан екі ұжым. 

 

- Балалар жақында ғана залдарда жаттығып, алаңға енді шыққандары байқалып отыр. Мысалы, Екібастұз 4/1 форматындағы манежде дайындалған. Десе де, бәрі футболды сағынған. Сондықтан барын салып күресуде, - деді жарыстың бас төрешісі Олег Рылов.  Алғашқы екі ойын күні бойынша «Ертіс-1» павлодарлық ұжымы жеңіліссіз келеді. Жалпы алаң қожайындарына қарсыласу оңай емес дейді қонақтар.

 

- Павлодарлық командалармен ойнау қиын. Десе де, облыс чемпионатында Ақсудан 2009 жылғы балалар ұжымына сенім артып отырмыз. Олар жеңімпаз атануға жақсы мүмкіндіктері  бар, - деді Ақсу командасының жаттықтырушысы Манарбек Қасенов.

 

2007 жылғы балалар арасындағы турнир осы аптада аяқтала сала, бірден 2006 жылғы аяқдопшыларға арналған облыстық дода бастау алады. Жас аралық топтағы жеңімпаздар Қазақстан чемпионатында аймақ намысын қорғайды.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()