Павлодарда биыл 22 мұз айдыны қолданысқа берілмек

Қаламызда мұз айдындарында ойнауды жаны сүйетін Назарбаев даңғылы, 6/3 мекенжайындағы аты аңызға айналған «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері болып табылады. Ол ондаған жыл бұрын құрылған. Осы көше тұрғындары алғаш суық ауа райы түскен сәттен бастап, айдынды құя бастайды. Қыстың басты қызығын қызықтайтындар да жетерлік дейді жауаптылар.

 

- Бір мұз алаңынан құю үшін он шақты күн кетеді енді. Әрі сапасын жақсы құю үшін. Мына алаңды, мұз алаңын 1800 квадрат, бұған енді 100 куб су кетті. 100 тонна су кетті,-деді «Балалар мен жасөспірімдер спорт орталығы» КММ спорт алаңдарының меңгерушісі Еркін Макешов.

 

Сонымен қатар, айдындар Павлодар ауданы мен Ленин кентінде де құйылады. Ал қаламызда биыл 22 мұз айдыны жұмыс жасамақ, олардың 18-і бүгінде қолданысқа берілген. Ал қалған төртеуі қазіргі ауа райының қолайлығына байланысты бір апта ішінде дайын болады деп сендірді.

 

- Негізі коньки бізде андай прокат деген әзірше жоқ. Негізі әркім өзінің жеке меншік конькилерімен тегін тебуге болады. Барлық алаңдарда тегін мұз айдыны болады тебуге,-дейді Еркін Макешов.

 

Айта кетейік, өткен жылы жалға коньки алу балалар үшін 400, ересектер үшін сағатына 600 теңге болатын. Қазір жалға алу бойынша мәселе әлі шешілуде деді жауаптылар. Өзіңіздікі болса, қаламыздың кез келген айдынын тегін қолдана аласыз. Ал дәстүр бойынша, коньки, шаңғы тебу және сырғанақ қыстың басты қызықтары болып қала бермек.