• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда футболдан балалар-жасөспірімдер додасы жалғасуда

Павлодарда футболдан балалар-жасөспірімдер додасы жалғасуда

Павлодарға Премьер-лиганың жетекші клубтары келді. «Ақтөбе», «Шахтер» және «Қайрат». Алайда ойыншылардың жасы 10-11 аралығында. Аталмыш топтағы 10 команданың матчтары тартысты өтуде. Бас жүлде үшін жергілікті «Ақсу» «Алтай» және «Қайрат» таласуда. Өскемен командасы 3 жас тобын қатыстыруда. Бапкерлер бұл жарыс арқасында келесі жылы өтетін чемпионатқа дайындауда. Бұдан бөлек, «Алтай» мамандары жарыстың стадионын мақтауда.

 

- Әзірге құраманың деңгейін көріп жатырмыз. Өрендеріміз көптеген қателікке бой береді. Оларды жойып, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз» дейді «Алтай U11, - ФО командасының бапкері Дидар Муратов.

 

Виктор Ярышев жарысы болашақ футбол жұлдыздарын ашуға бағытталған. Еңбегі сіңген бапкер бұрын әрбір матчты бақылайтын. Кей кездері балақайларға нұсқаулық айтып, бапкерлердің жұмысына әділ бағасын беретін. Биылғы жарыс алғашқы рет жаттықтырушының құрметіне емес, еске алу ретінде ұйымдастырылды.