• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда мұз сарайы, көп салалы бассейн кешені, 25 мыңдық стадион, футзал аренасы салынады

Павлодарда мұз сарайы, көп салалы бассейн кешені, 25 мыңдық стадион, футзал аренасы салынады

Бүгінгі таңда облысымыздың 40-тан астам пайызы салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысады екен. Ал ұлттық спорт түрімен 28 мыңнан астам адам шұғылданады. Шенеуніктердің ақпараты бойынша 2025-ші жылы 54 спорт нысаны қолданысқа берілген деп хабарлайды irbistv.kz.

 

2026-шы жылы екі бассейін Успен және Май ауданында іске қосылған. Алдағы уақытта, спортпен айналысу үшін тағы бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Спорт шенеуніктерінің айтуынша, нысандар инвесторлардың есебінен бой көтереді.

 

-Павлодар қаласында мұз сарайын салу, Павлодар қаласында 5 мыңдық орын бассейні бар көп функционалды кешен салу. Екібастұз қаласында мұз аренасы бар көп функционалды спорт кешенін салу. Павлодар қаласында 25 мың орындық стадион салу. Павлодар қаласында инклюзивті орталық спорт орталығын салу жоспарлануда. Одан басқа инвесторлар қаражаты есебінен 2026-шы жылы Екібастұз қаласында «Намыс» жеке білім беру спорт орталығы ашылу жоспарлануда, - деп хабарлады Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық бөлімінің басшысы Талғат Сәкен.

 

Кеншілер қаласында бой көтерейін деп жатқан орталықта 500 бала: садақ ату, бокс, дзюдо, еркін күрес, спорттық гимнастика, сондай-ақ, роботехника және қол өнерімен айналысатын болады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта, Павлодарда футзал аренасын салу жоспарлануда. Қаржыландыру инвесторлар есебінен жүргізіледі.

 

Айтмұхамбет Айғожа

фото: Freepik.com