Павлодарда шанаға жегілетін иттер жарысы өтті

«Ақпан бораны» жыл сайын өтетін байқау, мұнда асыл тұқымды иттердің түр-түрі қатысады. Олар шана мен шаңғыны сүйретіп, бақ сынады. Бүгін 26 команда қатысуға ниет білдірген. Олар жеке және топтық есепте қатысты. Мысалы, командада 4-5 иті бар құрамалар жетерлік. Ал өлшемі мен тұқымы бойынша шектеу жоқ, ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады.

 

Тұқымдары жайлы айтсақ, еш айырмашылығы жоқ, ит жегу спорты тарлығына арналған. Егер олар жүгіре алса, жүгіруге ниеті болса кішкентай иттер де, үлкен иттер де қатыса алады, бізде бүгінде негізінен Сібір хаскиі қатысады, сонымен қатар неміс овчаркасы, ақ швейцариялық овчарка және бельгиялық овчарка, сонымен қатар американдық питбультерьер бар,-дейді Қазақстандық шанаға жегілетін иттер қауымдастығының Павлодардағы филиалының басшысы Валентина Павлухина.

 

Скиджоринг бағытында 1 орынға семейлік Анастасия Мажугина иеленсе, 2 орын Андрей Мажугинға бұйырды, ал 3 орында Валентина Переломова бар. Ал 2 иттік нарта тәртіптемесінде бірінші орында Моторина Анель, 2 орында Денис Довбенко және 3 орында Ирина Кренева тұр. Бірнеше бағытта бағын сынағандар да бар. Мысалы 4 ит жегілген нарта бойынша 1 орын иеленген Анастасия Мажугина, 2 орында Валентина Павлухина, ал 3 орын иесі – Василий Малиновский. Төртаяқылардың иелеріне кубоктар мен бағалы сыйлықтар бұйырса, тәрбиеленушілер тәтті сыйлықтармен марапатталды.