Павлодарда шаңғы жарысы өтпеді

 

Таңғы уақытта сынап бағанасы -30 градусқа дейін жетті. Төрешілер бригадасы алдымен соңғы тәртіптемені түскі уақытқа шегерді. Алайда, ауа-райы жылынбады.

- Жарыс жолын керемет дайындадық. Балалар да дайын болды. Төрешілер бригадасы ауа температурасы кем дегенде -20 болатытын күтті. Кейін комитет өкілі Александр Петрович Ткачук басшылықтан жарысты тоқтатуға шешім шығаруды сұрады, - деді жарыстың бас төрешісі.

Нәтижесінде Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрешілер жастар арасындағы жеке және командалық нәтижелерді эстафеталық тәртіптемесіз санайды. Қорытынды кезеңде ШҚО-ның шаңғышылары көшбасшы болған. Жарысқа жалпы 10 аймақтан 285 спортшы қатысты.