Павлодарда жаңа футбол стадионы салынуы мүмкін

Осы күні жоба пысықталып жатыр, спорт шенеуніктері 10 мыңнан адамды қабылдай алатын нысанды іске қосу жоспарларымен бөлісті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодардағы «Орталық» стадион 1947 жылы салынған. Бірнеше секторы осы күні апаттық жағдайда. Соңғы рет косметикалық жөндеу біраз жыл бұрын жасалған. Шыны керек, нысан әлемдік түгелі, республикалық жарыстарды әрең қабылдайды. Спорт шенеуніктері аренадағы «апгрейд» жоспарда жоқ екендігін жеткізді. Павлодарда жаңа стадион салмақ.

 

- 10-13 мың адам сыйғызатын стадион салу пысықталуда. Әзірге ешқандай нақтылық жоқ. Жобалық-сметалық құжаттама да жасалған емес. Құрылыс орны анықталуда. Тек футболшылар ғана үшін емес, жеңіл атлеттер үшін жүгіру жолы, басқа спорт түрлеріне жаттығу залдары да ішіне кіреді деп ойластырылып жатыр,-деді Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

 

Сонымен қатар Ақсу қаласындағы футбол стадионы жаңарту жұмыстары жақында бастау алады. Кейін «Ақсу» ФК аталмыш алаңда жүйелі түрде өнер көрсетеді деп күтілуде.

 

- Бұл бастамаға облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінеді. Күрделі жөндеу жасалады. Қазір дайындық басталып кетті. Жасанды жасыл жабын және жүгіру жолы ауыстырылады. Қала тұрғындары өздерінің «Ақсу» командасын өз жерінде қолдай алады,-деді Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

 

Айту керек, биыл 1970 жылы салынған Екібастұздық «Шахтер» стадионы да жаңартылып, бір мезетте 6 мыңнан аса жанкүйерді қабылдау мүмкін болмақ. Трибуналарды жөндеп, жасыл жабыны ауыстырылады.