Павлодарда үстел теннисі орталығының құрылысы басталды

Қазіргі таңда «Баянтау» мен «Автомобилист» спорт кешендерінің арасындағы жер аумағы қоршауға алынып, құрылыс нысанына қажетті коммуникация тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жерде 2 қабатты үстел теннисі орталығы бой көтереді. Бұрын соңды болмаған бірегей кешен мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асуда.

 

- Аталмыш кешеннің қажеттілігі зор, себебі Баянтаудағы үстел теннисінің залы бұл спорт түріне деген мол қызығушылыққа сай емес. Оған қоса спорт мектептерімізде де үстел теннисі бойынша бөлімшелер жұмыс істейді. Жақсы жетістіктеріміз де бар. Енді балаларымызды шеберлігі шыңдала түседі, - деді Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Рахметолла Қасқырбаев.

 

Кешен қолданысқа берілгеннен кейін үстел теннисінен республикалық, халықаралық турнирлерді ұйымдастыру мүмкіндігі де пайда болады. Бұндай ғимарат Қарағандыда нәтижелігін көрсеткен. Сол себепті құрылыс сол ғимарат негізінде салынады. Жалпы 12 үстелге қарастырылған. Спорт кешені құрылысы  қазан айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.