• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодардағы «JENIMPAZ» спорт кешенінде республикалық жарыс өтті

Павлодардағы «JENIMPAZ» спорт кешенінде республикалық жарыс өтті

«Жарысқа келген барлық спортшылар таң қалуда. Кешен халықаралық талаптарға сай. Алаң жабыны, үстелдер әлемдік деңгейдегі стандартта. Ойындар да керемет өтуде. Спортшылардың жайлылығы және тамақтануы қарастырылған» - дейді жарысқа қатысушы Ангелина Романовская. Дүбірлі додаға 185 спортшы келген. Жүлдегерлер 4 жас тобы бойынша анықталды. Ең кішісі, үздіктер және 40-тан асқандар арасында. Павлодарға ұлттық құраманың ерлер және арулар тобының мықтылары келді. Арулар арасында Ангелина Романовская медаль үшін күресті. Екібастұздық теннисші оңтүстік астанада жаттығады. Үйде бірнеше жыл өнер көрсетпесе де, аймағымыздың намысын қорғады. Ел аймақтарының спортшылары чемпион атанды. Павлодарлықтар бірнеше медальге ие болды. 40-тан асқандар тобында Асхат Искаков жеңімпаз атанса, Алексей Мищук вице-чемпион. 60-тан асқандар тобында Анатолий Абраев күміс жүлдеге ие болды.