• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодардың басты сахнасында замануи би бойынша батл өтті

Павлодардың басты сахнасында замануи би бойынша батл өтті

Ертіс Променад сахнасында 150-ден астам жас биші бақталасты. Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Іріктеуден өткен қатысушылар финалға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы 4 бағытты қамтыған жарыста кәсіби бишілер де, әуесқойлар да өз өнерлерін көрсете алды.

 

- 150- ден астам жастар арасынан 8 қатысушы хип хоп, тағы 8-і брейк данс, сонымен қатар дэнс шоу бойынша 3 ұжым финалға өтті. Қатысушылар облыстың барлық аудандары мен қалаларынан келді. Ал әділ-қазы мүшелері республикамызда ғана емес, шет елдерде де танымалдылыққа ие бишілер,- деді «New Vision Team»қоғамдық қорының директоры Ризат Рахимжанов.

 

Ал финалдық кезеңде 3 ұжым мен 23 биші өнер көрсетті. Ашық аспан астында өткен би жарысындағы жалпы жүлде қоры 250 мың теңгені қамтыды. Ұжымдар арасында 1-орын үшін 75 мың теңге, 2-орын иелері 50 мың, 3-орын жеңімпаздары 25 мың теңгеге ие болды. Бұдан бөлек, 3 биші 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.