Павлодардың шаңғышылары таң қалдырды

Қазақстан чемпионатында олар елдің басқа спортшыларына қарсы өнер көрсетті.Бүгінде жеке жарыстан командалық тәртіптемеге ауысқан. Онда арулар жоғары нәтижеге ие болды.
- Арулар командасы таң қалдырды. Дарья Ряжко және Ирина Быкова бірінші орынға жайғасса, Сабина Сүлейменова және Елизавета Толмачева төртінші келді. Жас арулар туралы айтатын болсақ, оларға соңында күш жетіспеді. 15 команданың арасында төртінші орын жоғары нәтиже,-дейді шаңғы жарысынан ҚР құрамасының еңбегі сіңген жаттықтырушы Александр Курсаков.

Павлодар жастар құрамасына спартакиаданың қола жүлдегері атану үшін 17 секунд жетпей қалды. Бұған қарамастан, ортақ командалық 4-ші орынға жайғасты. Нәтиже бапкерлердің көңілінен шықты. Ерлер арасында Никита Павлов және Иван Мертенс 9-шы, ал Ильдар Сейтқұлов және Владислав Муляр үздік 15 спортшының тізімін қорытындылады.