• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық «Ертіс» футбол клубын жаңғырту бойынша ФИФА-мен келіссөз жүргізілуде

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубын жаңғырту бойынша ФИФА-мен келіссөз жүргізілуде

 

 

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов «Ирбис» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

 

Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, танымал павлодарлық «Ертіс» клубының осы күнгі қарызы 1 миллиард теңгеден асады. Елдегі ең көп жүлделер мен тарихын сақтап қалу үшін қарыздың барлығын болмаса да, басым бөлігін өтеу қажет. Ол бағытта отандық федерациямен бірлесе отыра ФИФА-мен келіссөз жүргізілуде. Қараша айында Еуропада арнайы кездесуде жоспарланған. Бұл ретте, қарызды өтеуге дайын жеке демеуші де бар.

 

-Жыл соңына дейін «Ертісті» жаңғырту бойыншы нақтылық болады. Қарызды өтеу мөлшері белгіленіп, бізге көмек көрсететін демеушілер берешек сомманы өз мойындарына алады деп жоспарлап отырмыз. Әрине, барлығы сол қаражат көлеміне байланысты. Бұрынғы жүлделері, атақтар мен барша мұрасын сақтап қалып, «Ертіс» футбол клубын тіркеуден өткіземіз,-деп мәлім етті облыс әкімі Асайын Байханов.

 

Павлодарда «Ертіс» командасы қайткенімен болады, ол жаңадан құрылады ма, әлде тарихи құраманы қалпына келтіреді ме, осы екі нұсқа әлі пысықталуда. Команда екінші немесе бірінші лигада өнер көрсетеді ме? Әзірге белгісіз. Ал «Ақсу» болса, өзінің туған қаласына аттанады деген тұжырымдама дайын.

 

-Келер жылы жаңа клуб Павлодарда шоғырланатын болады. «Ақсу» болса атына сай, метталургтер қаласында, Ақсудың өзінде ораналасады. Осы уақытқа дейін «Ақсу» клубының атын «Ертіс» қылып ауыстырамыз деген де ой болған еді. Олай болса, Ақсу қаласына жаңа команда ашу керек болар еді, бар ұжым тұрғанда, оның қажеті не?,-деп жеткізді аймақ басшысы.

 

Еске сала кетейік, 2020 жылы «Ертіс» футбол клубы ресми ақпаратқа сәйкес, қомақты қарыздарға байланысты чемпионаттан шығуға мәжбүр болған еді. Павлодарлықтар болса, 55-жылдық тарихы команданың қалпына келуін тағатсыздана күтуде.