• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы Премьер-лигадағы алғашқы ойынын Шымкентте өткізеді

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы Премьер-лигадағы алғашқы ойынын Шымкентте өткізеді

Жерлестеріміз «Ордабасыға» қарсы ойнайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі отандық федерация ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Павлодарлықтардың алғашқы 3 қарсыластары белгілі болды. Айту керек, команда осы күні Түркияда жаттығу-жиындарын өткізуде. Белек қаласында «Ертіс» ресейлік «Ленинградец» командасымен бақылау матчын өткізді. Кездесуде жеңімпаз анықталмай, ойын 1:1 есебімен аяқталалған. Жалғыз голды жас дарын Тамерлан Агиманов соқты. Команда Түркияда әлі біренеш спарринг өткізіп, дайындықты 26 ақпанға дейін жалғастырады.

 

- Басты мақсат жоғары орындар үшін таласуға қабілетті, мықты команда жинақтау. Осы талапқа жеткен соң, алдағы жоспарлар құрамыз. Клуб тарихы мол, бірақ команда Премьер-лигада ұзақ уақыт болмағанын да ескеру қажет. Дегенмен, біз чемпионатта лайықты бәсекелесіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз,-дейді бас бапкер Кирилл Альшевский.

 

Ал Қазақстандағы футбол үйінде Премьер-лиганың күнтізбесіне қатысты жиын өтті. Ойын күндерін жасанды инттелект дайындап берді. Осылайша, «Ертіс» 1 турда Шымкентке аттанып, «Ордабасымен» кездеседі. 2-ші тур Павлодарда өтеді деп күтілуде. Өз алаңымызда «Атырауды» қабылдаймыз. Кейін «Қызылжармен» сырт алаңдағы ойын жоспарлануда. Толық күнтізбе әлі жарияланбады.