• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық футболшы Аяжан Қожабекованың голы мен нәтижелі пасы арқасында Қазақстан құрамасы Румынияны жеңді

Павлодарлық футболшы Аяжан Қожабекованың голы мен нәтижелі пасы арқасында Қазақстан құрамасы Румынияны жеңді

Павлодарлық Аяжан Қожабекованың тамаша голы қазақстандық футбол пабликатерінде мыңдаған қаралым жинауда. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы сапында жерлесіміз Румынияға қарсы ойында алғашқы болып есепті ашты. Кейін стандарт орындап, Әсел Орынбайға берген нәтижелі пасы арқасында нәтижені еселеді. Алаң қожайындары бір доп соққанымен, қорытынды өзгермеді. Еуропа чемпионаты іріктеу кездесуінде қыздарымыз 2:1 есебімен жеңді. Аяжан үшін бұл ұлттық құрамадағы дебюттік гол.

 

-Бір жыл бұрын сол жақ аяғыңмен соққы жасап үйрену керексің деп айтқанмын. Мықты жартылай қорғаушы екі аяқпен де шебер ойнау керек дедім. Екі айдан соң Аяжан, жаттығуларда жұмыс жасағанын көрсетіп жүрді. Екі аяқпен жойқын соққы жасайды. Стандарттарды керемет орындайды. Өте еңбекқор қыз,-дейді павлодарлық«Ақсу» футбол орталығы қыздар командасы жаттықтырушысы.

 

Айту керек, «Ақсу» футбол орталығының ойыншысы Аяжан Қожабекова биыл Қазақстан чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы атағына ие болған еді.

фото: ҚФФ